Байбосынова Айгуль Есжановна » «№40 Алпамыс батыр атындағы мектеп-гимназия» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7252) 57-66-64
Есепші бөлімі:
+7(775) 315-18-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
қыркүйек
2022

Байбосынова Айгуль Есжановна

Мен, Байбосынова Айгуль Есжановна, 1975 жылдың 17 маусым күні Жамбыл қаласында дүниеге келдім. 1992 жылы Ордабасы ауданы Бадам стансасындағы С.Сейфуллин атындағы мектепті бітіріп, Шымкент қаласындағы педагогикалық институтының физика-математикалық факультетіне оқуға түстім. 1996 жылы «Математика, информатика пәндерінің мұғалімі» біліктілігін алып шықтым. 

1995 жылы Муратбек Кенесович Байбосыновпен тұрмыс құрып, дүниеге 5 перзент әкелдім. Еңбек жолын 1996 жылда Қазақтелеком компаниясынан бастадым. 2005 жылы педагогикалық тәжірибемді Шымкент қаласындағы №6 кәсіптік мектептен бастадым. 2008 жылы мұғалімнен әдіскер қызметіне ауыстым, ал 2009 жылдан бастап директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. 2012 жылы «Жаратылыстану ғылымдарының магистрі» дәрежесін алдым. 2014 жылы қараша айында Шымкент қаласында орналасқан Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта мектебінің директоры лауазымына тағайындалдым. 2022 жылдың тамыз айынан бастап ротациялау әдісімен №40 мектеп-гимназиясының директоры болып тағайындалдым.

Похожие публикации: